«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖОБАСЫНЫҢ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ
Жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама аясында 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындауда, білім мен шеберлігін жетілдіруде, спорт, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, жорықтар, еңбек практикасы бағыттарын бағындыруда үздік танылған 11 «Ә» сынып оқушысы Арманқызы Зарина «Елбасы медалі» жобасының күміс медаліне ие болды.