Ата-аналар онлайн жиналысы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №85 Х. Әлімжан атындағы жалпы орта білім беретін мектепте "Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы" жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы негізінде мектепшілік және сынып ата-налары жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты: короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата- аналарды ақпараттандыру болып табылды.