СЕКСЕН БЕСІНШІ МЕКТЕП
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде"Міндетті білім беру қоры" есебінен және Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тамақ сапасын қадағалау мақсатында, Бракераждық комиссия жұмысы жоспары құрылып, бұйрық бекітілді. Асханадағы тамақ Қалалық Білім Басқармасы тарапынан бекітілген 2023 жылғы ас мәзіріне сәйкес әзірленеді. Бракераждық комиссия төрағасы З.Х.Сапаркулова басшылығында күнделікті тамақ сапасы, мөлшерлемесі тексерілді.