1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қыркүйек
2025

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 
2025 жылғы 1 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде» «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді.
Мерекелік іс-шараға қала әкімдігі мен мәслихат депутаттары, білім басқармасының өкілдері, мектеп басшылығы, педагогикалық ұжым, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
2025–2026 оқу жылында мектебімізге 970  оқушы білім алады. Олардың қатарында шамамен 71 бірінші сынып оқушысы және 33 - 11-сынып түлектері бар.
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қала әкімдігінің қолдауымен  мектептерді жаңғырту және жаңа мектептер салу бойынша қабылданған көпжоспарлы және ауқымды шаралар аясында мектебіміз  екі ауысымда оқиды.
Мектебімізде заманауи оқыту тәсілдері мен жабдықтар оқушылардың сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, ғылыми пәндерге қызығушылығын, сондай-ақ шығармашылық және креативті қабілеттерін дамытуға бағытталған. Білім тек теориямен шектелмей, практикалық сабақтар арқылы меңгеріледі. Мұғалімдер интерактивті технологиялар мен пәндік зертханаларды қолдана отырып, әр оқушының жеке қабілетін ашуға жағдай жасайды. Мектепте барлық педагогтер 100%  жасанды интеллект бойынша сертификатталған.
2 қыркүйектен бастап тәрбиелік жұмыс «АДАЛ АЗАМАТ» бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіледі. Бұл бағдарлама — бұрынғы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жалғасы, мазмұны жаңартылып, атауы Мемлекет басшысы ұсынған «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» идеологиялық тұжырымдамасын қамтиды.
«Заң мен тәртіп» қағидатын тәрбие жұмысымен кіріктіре отырып, «ӨМІРЛІК БАҒДАР» және «ТӘРТІП ТІРЕГІ» жобаларына қатысудамыз.
2 қыркүйек күні бірінші сабақ «МЕКТЕБІМ - МӘҢГІЛІК МЕКЕНІМ» тақырыбында тәрбие сағатынан басталды.
Биылғы оқу жылында әр дүйсенбінің алғашқы сынып сағатының 10 минуты жеке қауіпсіздік сабағына, әр сәрсенбі күні бірінші сабақтың алғашқы 3 минуты дене жаттығуларымен басталу ерекшеліктері бар.
Сонымен қатар, мектепте  оқушыларды мамандыққа ерте бейімдеу, кәсіпке бағдарлау мақсатында бастауыш сыныптардан бастап түрлі маман иелерімен кездесулер, жобалық апталар ұйымдастырылады. 7-сыныптан басталатын «БЕЙІНДІК СЫНЫПТАР» бейіндік бағытты тереңдету, тәлімгерлік жүйесі оқушыларға болашақ білім бағытын кәсібін саналы түрде таңдауға көмектеседі.
  Білім беру стандартының орындалуы мен сапа нәтижесін жоғарылату мақсатында 2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін болғандықтан «ТАЛАП» жобасына қатыса отырып, тәжірибе алмасудамыз.
Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары  2022 жылдан бастап ыстық тамақпен толық қамтылған.  
Биыл «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектептегі 200 балаға көмек көрсетілді.