03
қазан
2025
«ҰСТАЗЫМ-ҰЛАҒАТЫМ,ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
«ҰСТАЗЫМ-ҰЛАҒАТЫМ,ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ»
МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қазан –тәуелсіздік және отаншылдық айының жоспарына сәйкес «Шабыт» жобасы аясында 03.10.2025 ж күні «Ұстазым-ұлағатым,үлгі-өнегем» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
Мұғалімдерге деген құрмет пен алғысты білдіру, ұстаз мамандығының қоғамдағы маңызын дәріптеу, оқушыларды ұстазды қадірлеуге, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Іс-шара салтанатты түрде ашылып, мектеп директоры құттықтау сөз сөйледі. Оқушылар ұстаздарға арнап өлеңдер оқып, ән шырқады,би биледі.
«Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» атты мерекелік іс-шара өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні зор, әсерлі кеш болды. Мұндай іс-шаралар ұстаз мәртебесін көтеруге және оқушылар бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.