«ЖҰЛДЫЗДЫ ТҮЛЕК – 2025» » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
маусым
2025

«ЖҰЛДЫЗДЫ ТҮЛЕК – 2025»

«ЖҰЛДЫЗДЫ ТҮЛЕК – 2025» 📍 Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББМ📅 18 маусым 2025 жыл Бүгін мектебімізде жүрекке толқу сыйлаған, сағыныш пен қуаныш қатар өрілген ерекше сәт орын алды – аттестат тапсыру кеші!2024–2025 оқу жылының түлектері үшін бұл күн – балалықпен қоштасу, үлкен өмірге алғашқы қадам, өмір жолындағы жаңа белестің бастауы болды.✨       Мектептің ең жарқын, ең белсенді, білімді де тәрбиелі жастары — «Жұлдызды түлектер» атағын алып, салтанатты түрде аттестаттарына қол жеткізді.💐 Ұстаздарға – шексіз алғыс,👨‍👩‍👧‍👦 Ата-аналарға – риясыз ризашылық,🎓 Түлектерге – ашық аспан, ақ жол тілейміз!         Жас түлектерге сенім артамыз!Сендерге сенім арту – жай ғана тілек білдіру емес. Бұл – ұстазыңның жылдар бойы сені білім мен тәрбиеге баулыған еңбегінің нәтижесіне деген сенімі. Бұл – ата-анаңның сен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, бар жағдайды жасау арқылы білдірген махаббаты мен үміті. Бұл – мектебіңнің, қоғамыңның, тіпті туған еліңнің сенің болашағыңа артқан жауапкершілігі.Сенім артамыз – сендер жарқын болашақтың шамшырағысыңдар!Жұлдыздарың әрдайым биіктен жарқырай берсін, №85 мектептің жұлдызды түлектері!