«Оқылым күні» » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ақпан
2025

«Оқылым күні»

Ең көп кітап оқитын оқырман байқауы 13.02.2025 жыл
Х. Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының «Балалар кітапханасы жобасы» аясында «Оқырман» кітап оқу апталығының жоспары бойынша «Оқылым» күні, Ең көп кітап оқитын оқырман байқауы 2-11 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды. 
Байқаудың мақсаты: 
•Оқырманды кітап оқуға ынталандыру;
•Оқу мәдениетін насихаттау; 
•Кітапхананың оқырмандармен байланысын нығайту. 
Ең көп кітап оқыған оқырманды анықтау үшін оқырмандардың формуляр карточкасы арқылы есептелді.01.09.2024- 13.02.2025 аралығында оқылған кітаптар саналды. 
Байқаудың қорытындысы: 
6 «В» сынып оқушысы 
Рахимбердиева Раяна -14 кітап оқыған 1-ші орын. 

6 «В» сынып оқушысы 
Аманова Айым - 13 кітап оқыған 2-ші орын. 

6 «В»  сынып оқушысы Әуелбек Мөлдір - 12 кітап оқыған 3 - ші орын.

 7 «Ә» сынып оқушысы Жұмағали Назерке - 11 кітап оқыған 4 - ші орын.

 9 «Б»  сынып оқушысы Құрманғазы Сымбат - 9 кітап оқыған 5- ші орын иеленді. 

Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.