«БІЛІМІМ — ОТАНЫМА!»: САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА » Тәуке хан атындағы №85 жалпы білім беретін орта мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Тәуке хан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БІЛІМІМ — ОТАНЫМА!»: САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА
25
мамыр
2026

«БІЛІМІМ — ОТАНЫМА!»: САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА


Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Тәуке хан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылдың 25 мамыры күні оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім — Отаныма!» атты салтанатты іс-шара өтті. Жыл қорытындысы болып табылатын бұл шараға мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналардан бөлек, арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты.
Салтанатты жиынның ашылуында мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна сөз сөйлеп, білім ордасының жетістіктеріне тоқталып, барша қатысушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады:
 «Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және жас түлектер! Бүгінгі “Білімім — Отаныма!” атты салтанатты жиын — мектеп қабырғасындағы қажырлы еңбек пен толағай табыстардың қорытындысы. Мектептен алған терең білімдеріңізді Отанымыздың өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жұмсайды деп сенемін. Баршаңызға алдағы мемлекеттік емтихандар мен сынақтарда сәттілік тілеймін!» — деп атап өтті Зарета Халиловна.Шара барысында сөз алған құрметті қонақтарымыз — Қаратау ауданы әкімі аппаратының Мәдениет бөлімінің бас инспекторы Арғынбаева Гүлмира Сындарқұлқызы және  Қаратау ауданы прокуратурасының өкілі Кенжебаев