05
желтоқсан
2023
«ҚАРАҢҒЫ ҚАЗАҚ КӨГІНЕ, ӨРМЕЛЕП ШЫҒЫП, КҮН БОЛАМ»
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында кітапханашы Ж.Алимкулова және « Көркемсөз оқу »үйірме жетекшісі: К.Джылқайдарова 6 - сынып оқушыларымен қазақтың аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам» тақырыбында әдеби танымдық сабақ өтті.Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін гуманистік, әлеуметтік ой-пікір жағынан жоғары сатыға көтерген аса көрнекті ақын, ағартушы.
Ақынның өмірбаянымен балалар видеоролик арқылы танысты. Кітапхана оқырмандары Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, «Қамар сұлу» романынан көрініс көрсетті .Оқушылар роман сюжетінде қазақ әйелінің теңсіздіктегі күйін көрсетіп, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілігін, ұғым-нанымын терең бейнеледі.
Соңына қарай кітапханашы апайымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кітаптарына библиографиялық шолу жасады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров-қазақтың дарынды ақыны, қысқа ғұмырында артына бай әдеби мұра қалдырған ақынның шығармаларын біз әрқашан насихаттап отырамыз.
#оқуғақұштармектеп #БілімШымкент #ШымкентқаласыБілімбасқармасы #КІТАПХАНА