«АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС АЙЛЫҒЫ» » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қыркүйек
2022

«АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС АЙЛЫҒЫ»

 Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде сейсмикалық жаттығулар, эвакуациялық жинау іс-шаралары өткізілді. Мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловнаның бұйрығына сәйкес, сақтық шаралары сақтала отырып «Азаматтық қорғаныс айлығы» тақырыбында сейсмикалық оқу-жаттығулары өтілді.Оқу-жаттығу шарасына: АҚБ офицері аға лейтенант Ә.Серік және №3 ӨСБ-нің қарауыл бойынша азаматтық қорғау лейтенанты М.Бекболат қатысты.  Мақсаты: төтенше жағдайлар орын алған кезде адам шығынын болдырмау, дұрыс қалай әрекет жасау керектігін үйрету. Ұйымдастырушылар төтенше жағдайлардың орны толмас шығындарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Ең алдымен бұл құтқару қызметінің мектеп ғимаратында хабарландыру жүйесі іске қосылып, 🔉🔊🔊«Баршаның назарына!»🔉🔊🔊 дабылы жеткізілді. Барлық оқушылар, қызметкерлер шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа (мектеп ауласына) шықты. Жер сілкінісі, өрт оқиғасы орын алған жағдайда ғимарттардың құлауынан шығу жолдарының жабылуы, баспалдықтың қирауы болуы мүмкіндігі айтылды. Оқыс оқиғалар орын алған жағдайда, маңызды болып табылатын алғашқы іс-әрекетті қалай жасау керектігі, зардап шеккен адамдар болса азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары көрсетілді.#тәрбиешымкентәдістемелікорталық 
#шымкентқаласыбілім_басқармасы 
#shymkenttarbye 
#шымкент_мектеппарламент_2022
#өзін_өзібасқару #БалаларжылыШымкент
#оқуғақұштармектеп
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив