ҰЛЫ ТҰЛҒА-ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰЛЫ ТҰЛҒА-ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
03
желтоқсан
2020

ҰЛЫ ТҰЛҒА-ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі. Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды», деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Президент барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған кемеңгер тұлға.

Похожие публикации: