12
қыркүйек
2025
«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫПАРАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
«АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫПАРАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының 2025 жылғы 04 қыркүйектегі №1925 санды хаты негізінде « Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-12 қыркүйек күндері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында сыныпаралық ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. Мектептің ішкі тәртіп ережесі. Ата-ана міндеттері мен жауапкершілігі. Оқушылар қауіпсіздігін сақтау. Мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуы. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы;
2. Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары туралы.
3. Сынып ата-аналары комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері және сынып ата-аналары комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
4. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыстар;
5. «ALAQAN» және «MINDAL» платформаларының мектеп өміріндегі маңызы мен қолданылу жолдары туралы ақпарат беру;
6. «DosbolLike» бағдарламасын іске асыру барысы мен оқушыларды әлеуметтік белсенділікке тарту бағытындағы жұмыстар;
7. Әр түрлі мәселелер.
Жиналыс соңында ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар бірлесе отырып, тәрбиелік іс-шараларды тиімді жүзеге асыруда мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.
