СЕКСЕН БЕСІНШІ МЕКТЕП » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ақпан
2023

СЕКСЕН БЕСІНШІ МЕКТЕП

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N85 жалпы орта білім беретін мектебінде  2023 жылғы 17 ақпан күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың, ойынқұмарлықтың, буллингтің, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге Қаратау аудандық ювеналды полиция тобының аға инспекторы  полиция майоры Н.К.Байбатыр, тілші Б.Т.Мырзанов,Байғұт баба мешітінің имамы А.Шодманов қонақта болды. Көрсетілген күн тәртібі бойынша мектеп психологы О.Рахманшиков "Интернетке тәуелділік және кибербуллингтің алдын алу" тақырыбында слайдтар, видеороликтер көрсетіп, ата аналарға бірнеше кеңестер берді. Жиналыс барысында мектеп директоры Сапаркулова Зарета Халиловна елімізде болып жатқан өзгерістер, соның ішінде  жас ұрпақ тәрбиесі-ең өзекті  мәселелердің біріне  айналып отырғандығын айтты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ДТІЖО А.А.Ибрагимова "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен міндеттері"тақырыбында  айтып өтті.Ата -аналар өз тараптарынан мектептің  атқарылып жатқан жұмыстарына оң көзқараста  екендіктерін айтып, алғыстарын білдірді.