1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өтті.
Осы орайда, 2022 жылдың 27 мамыр күні Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы Қаратау ауданы филиалына қарасты «Достық» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «Балғын балалық шақ» атты мерекелік іс- шарасы ұйымдастырылды. Іс шараға ҚР мәжіліс парламентінің депутаты Бекжанов Берік Айдарбекович, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Иманкулов Әбдез Рахманұлы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары: Танатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Балтабаев Талғат Дуйсебайұлы, Имашев Қайрат Есенбекұлы, Қамқоршылық кеңес мүшесі Қуанышбеков Бауыржан Шереханұлы және ата-аналар комитеті төраға төрайымдары, ата-аналар балалар қатысты. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жоба аясында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жиналған қор лейкемия диагнозы бар ауруға шалдыққан екі баланың ем алуына аударылды.

Іс-шара ұйымдастырылуына «AMANAT» партиясы Қаратау ауданы филиалына қарасты «Достық» бастауыш партия ұйымын қаржыландыруға жұмсалған қаржы іс-шара барысын өткізуге және балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған түрлі сайыстардың жеңімпаздарын марапаттауға, атап айтсақ марапат сыйлықтар: мақтау қағаздары, баскетбол бойынша – кубок, футбол бойынша – былғары доп, үстел теннисі бойынша – ракетка, шахмат бойынша – шахмат тақтасы, скакалка бойынша – блокноттар, резинка ойнау бойынша – обручтар, обруч айналдыру бойынша – скакалкалар сынды заттай сыйлықтар табысталды. Аталмыш іс-шара Отырар телеарнасында және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.