ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
мамыр
2024

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

  Х.Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін мектебінде  оқу жылының аяқталуына орай 2024 жылдың 22 мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. 
     Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. 2023-2024  оқу  жылының аяқталуы.
2. IV-тоқсан және жылдық оқу-тәрбие қорытындылары (олимпиада, спорт,өнер жетістіктері).
3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Мектепте ақша жинаудың кез-келген түріне тыйым салу.
4. Жаз мезгіліндегі мектеп жанынан ашылатын және қала сыртындағы лагерьдің ұйымдастырылу.Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, АӘК тағайындалған, көпбалалы, тұл жетім, жартылай жетім отбасыларына көмек ұйымдастыру туралы.5. Жаңа оқу жылына дайындық(мектеп формасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтарда бекіткен "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" N26 бұйрық)
6. Әртүрлі мәселелер
- жаз мезгіліндегі су қауіпсіздігі;
- Жолда жүру ережесін сақтау;
- газ, электр  қауіпсіздігі бойынша нұсқама беру;

      Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру болды. Аталған жиналысқа мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мектеп инспекторы Н.Қуанышбаев қатысты.
Мектеп  директоры Сапаркулова Зарета Халиловна жиналыста  2023-2024 оқу жылындағы мектептің жетістіктері мен  оқу жылында ендірілген өзгерістерді ата-аналарға таныстырып өтті.
     Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қамтылып, қарастырылды. 
Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, мектеп әкімшілігі мен ұжымға толағай табыстар тіледі.