Бастауыш - білім бастауы
Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебінде «Білім беру трендтеріндегі ойын технологиясының тиімділігі» атты бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты өтті. «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» «Жаратылыстану», «Дүниетану», «Математика» патшалығынан пәндер келіп, бастауыш сынып оқушыларымен ертегілер еліне саяхат жасады. Даярлық топ оқушылары «Мақтақыз бен мысық», «Бауырсақ» ертегілерінен қойылым қойып, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсете білді.
«Жылдам оқу техникасы» атты ата -аналарға арналған тренинг өтіп, жылдам оқудың бүгінгі таңдағы тиімділігін туралы кеңестер алды. Ата- аналар үй жағдайында балалармен бірге жасалатын нейрожаттығулар мен балалардың логикасын дамытатын, есте сақтауын жақсартатын тапсырмалармен таныс болды. Бастауыш сынып апталығының ашылуы құтты болсын! Кішкентай ғана өнерпаздарымыздың өнерлері өрге жүзе берсін! 



