19
қаңтар
2024
«ЗАҢ- ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 19-қаңтар күні “Заң- қоғамның негізі” онкүндігі жоспарына сәйкес 9”А” сыныбында “Заң-қоғамның негізгі тірегі” атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар “Тығырықтан шығар жол қайсы” атты көшедегі көріністен үзінді көрсетіп,оқушылар мен қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Мектеп инспекторы Ж.Ж Серікбаев барлық пікірлерді тыңдап, заң тұрғысында қорытынды жасады. Мақсаты: Оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты өз елін сүйетін патриот тұлғаны қалыптастыру.

