03
қыркүйек
2024
«Жол ережесін білейік – аман есен жүрейік!»
Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 3 қыркүйек күні мектебіміздің инспекторы Қауымбаев Алмас Тоқсанбайұлы оқушыларға жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндірді. Тәртіпке сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу бойынша балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

