15
қазан
2024
«КҮЗГІ АСАР» ЖӘРМЕҢКЕСІ
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша «Күзгі асар» тақырыбында оқушылар арасында 2024 жылдың 15 қазан күні күздік жәрмеңке өтті. «Күзгі асар» жәрмеңкесіне мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары қатысты.Күз-молшылықтың, байлықтың, берекенің кезі. Ұйымдастырылған жәрмеңкеге ата-аналар дайындаған тағамдар мен көкөністердің түрлілігі таң қалдырды. Жәрмеңке сөресінен: қолдан жасалған кондитерлік өнімдер, үй маңында өсірілген көкөністер, жеміс-жидектер ,қол бұйымдары және т.б орын алды. Жәрмеңкеге ат салысқан оқушылар және ата-аналар алғысқа бөленді. Игі істер жасауға талпынайық, мейірімдімділікті сөзбен және іспен көрсете білейік, достар!

