«Кітап – атадан қалған асыл мұра» » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
наурыз
2023

«Кітап – атадан қалған асыл мұра»

Х.Әлімжан атындағы № 85 жалпы орта білім беретін мектебі
«Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша Шымкент қаласының  ұлттық-мәдени обьектілеріне бару; кітапханаға саяхат жоспарланған болатын. Аталған іс-шараны іске асыру мақсатында мектеп кітапханашысы Ж. Құрманова, 3 «А»,  3 «Ә» сынып жетекшілері Н.Ө.Өмірзақова, М.А. Абилова оқушылармен бірге Шымкент қаласы Әл-Фараби кітапханасына саяхат жасады. 
Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. 
         «Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі» дегендей Әл-Фараби кітапханасы  «Ақерке» залының меңгерушісі Мамытбекова Ботагөз ханым балаларды «Оқу залы», «Абонемент залы», «Оқырман формуляры» деген ұғымдармен таныстырды. Сондай-ақ балалар Әл Фараби өмірінен көптеген  мағлұмат алып, керемет әсерде болды. Оқырман өзін қызықтырған кітаптарды   сенбі,   жексенбі  күндері де алып оқи алатынын ата-аналарға айтқымыз келеді.