02
ақпан
2023
СЕКСЕН БЕСІНШІ МЕКТЕП
Мектеп кітапханашысы Ж. Құрманова, 3 «А», 3 «Ә» сынып жетекшілері Н.Ө.Өмірзақова, М.А. Абилова оқушылармен бірге Шымкент қаласы Әл-Фараби кітапханасына саяхат жасадық. «Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі» дегендей балалар кітапханадан ғұлама ғалым Әл Фараби туралы көптеген мағлұмат алып, керемет әсерде болды. Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, кітап оқуға деген қызығушылықтары артты. Оқырман өзін қызықтырған кітаптарды сенбі, жексенбі күндері де алып оқи алатынын ата-аналарға айтқымыз келеді.



