15
қаңтар
2024
ОҚУШЫЛАР ӘДЕП-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНА БАРЫП ТАНЫСУ СӘТІ
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және «Төрт тоқсан - төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы «ТУҒАН ӨЛКЕМ» фестивалі аясында Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінің Мектеп парламенті мүшелері Шымкент қаласының тарихы мен мәдени мұрасын оқып-білу және қаланың көрікті жерлерімен танысу мақсатында 2024 жылдың 14-қаңтар күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына барды. Оқушылар орталықтағы 20 мәдени-ұлттық орталықтың ғұрпынан сыр шертер жәдігерлермен, салт- дәстүр мен ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен, кәсіптерімен де танысып қайтты. Ұл балаларымызға «жеті қазына» бұрышы ұнаса, қыз балаларымызға қызды оң босағаға отырғызу салты ұнады. Қазақ халқына белгілі ақын Нұрлан Есенқұловтын орындауында “Балхадиша” әнін шырқап көңілді күймен тарқасты. Балалар бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, әдет-ғұрыптарды қастерлеу, ұлттық ойындарымызды ерекше дәріптеу бүгінгі ұрпақ парызы екенін ұғынды.



