ПЕДАГОГТЕРДІҢ УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ПЕДАГОГТЕРДІҢ УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ
05
қыркүйек
2023

ПЕДАГОГТЕРДІҢ УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ

Х. Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын  негізге ала отырып, 2023 жылдың 05 қыркүйегінде педагогтердің уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсы өтті.   

Ваканттық бос орынға конкурс өткізу туралы хабарландыру мектептің , қалалық білім басқармасының интернет сайттарында , әлеуметтік желілердің ресми аккаунтарында жарияланды. Конкурс өткізу күні мен орны, конкурстық комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітілді.

Конкурс комиссиясының құрамында Шымкент қалалық білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері С.И. Базарбаева, Шымкент қалалық білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің маманы Маймакова Ұлжан Гаппаровна, ДОЖЖО Р.Н. Нархашова, педагог- зерттеуші Э.К. Калымбетова болды. Комиссия хатшысы қызметіне педагог зерттеуші А.Н. Абдихаликова сайланды.

Кандидаттардың құжаттары қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы  есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика  және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай – ақ, педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментіне жолданды. 

Конкурсқа қатысуға үміткер 81 педагогтің құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 154- тармағына сәйкес зерделенді. 66 үміткердің құжаттары 154- қосымшаға сәйкес болмағандықтан конкурсқа қатысудан шеттетілді.  Құжаттары толық болған 15 үміткер педагогтердің уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсына қатысып бағаланды. Конкурс өткізу барысында комиссия мүшелері тарыпынан академиялық адалдықтың сақталуына аса мән берілді. 

 Нәтижесінде:

Бастауыш сынып мұғалімінің уақытша (Э.И. Акышеваның декреттік демалыстағы уақытына) бос қызмет орнына қорытынды 19 ұпаймен Алимбекова Гүлжан Түймебекқызы;

Ағылшын тілі пәні бойынша (Д.Х. Расулметованың декреттік демалыс  уақытына) бос қызмет орнына қорытынды 15,5 ұпаймен Жаналиева Айгерім Мейіржановна;

Информатика пәні бойынша (Г.Б. Абилованың декреттік демалыс уақытына) бос қызмет орнына қорытынды 20,5 ұпаймен Омарова Балжан Дәулетбекқызы ұсынылды.

Комиссия хатшысы А.Н. Абдихаликова конкурс нәтижелері туралы хабарламаны кандидаттардың электронды почталарына жолдады. 

Жеңімпаз үміткерлерге шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін дейміз. Ұстаздық жолында талмас қанат пен қажымас қайрат тілейміз.