23
ақпан
2024
«АЛТЫН ЖҮРЕК» республикалық челлендж
Көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Әрбір жүрек ризашылық пен шынайылыққа толы күнде біз ерекше бағалайтын махаббат сезімін, денсаулықты, отбасымыз бен достарымызды, жетістіктерімізді, әрқашан қолдау білдіретін ата-аналарымыз бен достарымызды, бізге шабыт беріп, тәлімгерлік ететін ұстаздарды және әр күнімізге шаттық пен қуаныш сыйлайтын, қиын сәттерде көмек қолын соза алатын жандарды ойлаймыз. Бұл күн тек алғыс айтумен ғана шектелмей, айналаңызға мейірімділік пен жанашырлық тарататын күнге айналсын. Әрқайсымыздың жүрегімізді жылытып, күш беретін алғыс тізбегінің құрылуына себепкер болайық.
❗ҚР Оқу-ағарту министрлігі РҚББО 2024 жылдың 12 ақпанынан бастау алған Алғыс айту күніне арналған Хамит Әлімжан атындағы №85 жоббм мектеп парламентінің мүшелері арасындағы «АЛТЫН ЖҮРЕК» республикалық челленджін қабыл алыңыздар!