" ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП " » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қараша
2022

" ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП "

📚📗📘 " ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП "ЖОБАСЫ 
   Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Сондай-ақ, әрбір адамның бойындағы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін оятуға итермелейді.Ендеше назарларыңызға кітап оқу жайлы қызықты да таң қалдырарлық фактілерді ұсынамыз.
М. Горький минутына төрт мың сөз оқи алған.
Сталин күніне 400 бет кітап оқыған және оны минималды норма деп есептеген.
Томас Эдисон бірден 2-3 қатардан оқи алған, оның аса бір зейінмен оқи алғаны соншалық, ол тіпті мәтінді беттеп жаттай да ала білген.
Ғалымдардың айтуынша, кітапты баяу оқуға қарағанда, жылдам оқу кезінде көз анағұрлым аз шаршайды екен. Адамдардың 95 пайызы кітапты өте баяу оқиды – минутына бар болғаны 180-220 сөз (1 бетті 1,5-2 минутта). Кітапты дәстүрлі түрде оқуда оны түсіну деңгейі 60 пайызды құраса, жылдам оқуда – 80 пайыз.
Атақты француз жазушысы Оноре де Бальзак жарты сағаттың ішінде екі жүз беттік романды оқып шығатын болған.
Кітап оқу кезінде оқушының көздері әр әріпті жеке сурет ретінде көрсетеді, ал ми оларды бір суретке біріктіреді. Оқу дағдысы орташа есептелетін адамның көзі кітаптың бір қатарына 12-16 рет кідірсе, жылдам оқитындар – тек 2-4 рет қана кідіреді. Ал оқушылар бір қатарға 20 рет тоқталады екен.
Атақты жазушы, кітаптанушы Н.А. Рубакин өмірінде 250 мың кітап оқып шыққан.
Наполеон кітапты минутына 2000 сөз жылдамдығымен оқыған.
Кітап оқыңыздар! Және өміріңізде ешқашан жаңа кітаптың ең болмағанда бір бетін оқып шықпаған күн болмасын!