12
наурыз
2024
БҰРЫМДЫ БОЙЖЕТКЕН
Әже – ұлттық тәрбиенің ұлағатты бастауы. Кезінде Абай атамызды Зере әжеміз, Шоқанды Айғаным әжеміз тәрбиелеген. Міне, сондай дана, ұлы ақынды және ұлы ғалымды тәрбиелеген әжелеріміз болса, бүгін мектебімізде сол үрдісті жалғастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп парламенті ұйымдастыруымен ақ жаулықты әжелермен «Бұрымды бойжеткен» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Оқушыларға әжелеріміз өз ақылдарын айтып, өмірлік кеңестер берді.
Бұл шараның мақсаты – еліміздің ар-ожданы, келбеті болып саналатын қыз балалардың орны қашанда жоғары екенін айшықтап, қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында түсіндіріп, сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты қасиеттердің қыз баланың бойына дарытып, әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне, еңбекке баулу, туған жерін, елін, шаңырағын ардақтайтын тәрбиелі қыз, төзімді ана, қайратты жан болуға тәрбиелеу. Қыз бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізу және оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыру. Әжелерімізбен өткен кездесу өте жоғары деңгейде өтті.