24
қазан
2024
⚜️⚜️ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖАҢА КӨШБАСШЫСЫН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ...
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24-қазан күні мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының Президентін, «Ұланбасы», «Адал ұрпақ» және фракция мүшелерін ұлықтау рәсімі өтті. Сайлауға түскен үміткерлерге қошемет көрсетіп, мектебіміздің ең белсенді оқушыларына марапат көрсетілді. Оқушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту мақсатында өткен сайлаудың нәтижесінде «Мектеп парламенті» Өзін-өзі басқару ұйымына 7 «А»-сынып оқушысы Қуанышова Балауса мектеп президенті болып сайланды. «Ұланбасы» болып 8 «Ә» оқушысы Абдыхалық Ерасыл тағайындалды.
Өзін-өзі басқару ұйымының құрамы 8 фракциядан тұратын құрылымы төмендегі құрамда құрылып, жетекшілер бекітілді
1. «Жас ұлан» балалар ұйымы ұланбасшысы: Абдыхалық Ерасыл
2. Мәдениет және өнер фракциясы жетекшісі: Мұхтар Айбар
3. Құқық және тәртіп фракциясы жетекшісі: Мадиярқызы Жансая
4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы жетекшісі: Жұрат Көркем,Наматулла Тоғжан
5. Салауатты өмір салты фракция жетекшісі: Бағдат Томирис
6. Дебат қозғалысы фракциясының жетекшісі: Рахметова Бекзада
7. Ақпарат және баспа фракциясы жетекшісі: Мырзахмет Медина
8. Экология және еңбек фракциясы жетекшісі: Бурибаева Кәусар
9.Қамқорлық фракциясы жетекшісі: Құрбанәлі Аяна
Мектеп директоры З.Х.Сапаркулова жаңа президент пен фракция мүшелерін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде, Қуанышова Балауса оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдап, мектеп оқушылары мен ұстаздарының өзіне артқан жоғары сеніміне алғысын білдірді. Іс-шараға қатысушы бар оқушылар мен ұстаздар қауымы мектептің жаңа президентін құрметпен қарсы алып, өз ықыластарын білдірді.