"Ақберен" өнер байқауы » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
желтоқсан
2022

"Ақберен" өнер байқауы

ШЫҒАРМАШЫЛ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "АҚБЕРЕН" ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ✨
🔹«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 28-30 қараша күндері  аралығында  оффлайн форматта Астана қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы ІХ республикалық "Ақберен" өнер байқауының республикалық кезеңі өткізілді.
📌Байқаудың мақсаты: 9-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
🔷Байқаудың 5 номинациясы бойынша қалалық кезеңнен жеңімпаз болған төмендегі оқушылар қорытынды кезеңде өз бақтарын сынады:
☑1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша – Мыңболат Айнықша, №83 жалпы орта білім беретін мектебі;
☑2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша – Наухан Бағдат, «Maximum school» мектебі;
☑3. «Эссе жазу» номинациясы бойынша – Әбдіқалық Нұрғиса, №54 жалпы орта білім беретін мектебі;
☑4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша – Шонтыков Ерасыл, №85 жалпы орта білім беретін мектебі;
☑5. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша – Бекмұратқызы Нұрайлым, №136 жалпы орта білім беретін мектебі.
 🖇Байқау нәтижесі бойынша: 
🥇І орын - №54 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Әбдіқалық Нұрғиса; 
🥇ІІІ орын - №83 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Мыңболат Айнықша;
🥇Асхат Аймағанбетовтың арнайы Дипломымен - №85 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Шонтыков Ерасыл марапатталды.
🥇Қалған қатысушыларымызға «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаты берілді.
🎗Шығармашыл оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!