01
наурыз
2023
Шығармашылық топ
Шығармашылық топ жұмысы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіру үшін 3-4 және 8-9 сынып оқушыларынан тест тапсырмалары алынды. Қәзіргі таңда оқушылардың ғылыми-функционалдық сауаттылығын жетілдіру, оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде. Теориялық білім мен практикалық білім дәрежесін теңестіру, осы күнгі маңызды міндеттерінің бірі. Осы орайда 13.02-17.02.23 аралығында айлық жоспарға сәйкес жаратылыстану бағытындағы пәндерден: Физика, химия, биология, математика ,география пиза тапсырмаларын орындау сауаттылығын талдау мақсатында максимальды ұпайы-15 жүйе бойынша 3-4 сыныптар мен 9 аәб, 8аәб сыныптарынан тапсырмалар алынды.Оқушылардың ғылыми функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері қарастырылуда.Алынған тапсырмалар он бес балдық жүйеде құрылған.Әр оқушыдан жеке-жеке алынды. Тапсырмалар өмірмен байланысқан,функционалдық сауаттылығын арттыруға берілген.Мұндай есептер оқушыларға мағыналы, түсінікті, әрі қызық.










