АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ! » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2025

АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ!

АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ!


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Х.Әлімжан атындағы №85  жалпы орта білім беретін мектебі» «8 наурыз - Халықаралық әйелдер»  мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан және ұстаздардан, оқушылардан түрлі мақсатта ақша жинауға тыйым салынғандығы туралы ескертеді: 
   Мұғалімдерге сыйлық беру – міндетті емес. Ұстаздардың еңбегін бағалау үшін ең жақсы сый – оқушылардың  білімге деген ынтасы мен тәртібі.
   Материалдық сыйлықтар заңға қайшы болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге (оның ішінде мұғалімдерге) сыйлық беру сыбайлас жемқорлыққа жатуы мүмкін.
   Ұстаздар үшін ең құнды сый – құрмет пен алғыс. Жылы сөздер, алғыс хаттар мен шынайы ризашылық – нағыз бағалы сыйлық.
   Баршаға бірдей әділдік. Кейбір ата-аналар қымбат сыйлық бере алса, кейбіреулердің мүмкіндігі жоқ. Бұл балалар арасында да, мұғалімдер арасында да ыңғайсыз жағдай туғызады.
   Мұғалімдерді ыңғайсыз жағдайға қалдырмау. Көптеген ұстаздар сыйлық алудан бас тартқысы келеді, бірақ кейде қабылдауға мәжбүр болады. Бұл олар үшін психологиялық қысым тудыруы мүмкін.
   Оқушыларға дұрыс үлгі көрсету. Сыйлық беруді міндет деп санау – жас ұрпаққа қате көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Оның орнына, ұстаздарды құрметтеуді басқа жолмен көрсетуді үйретуіміз қажет.
   Мектеп әкімшілігінің өздеріңізге ұсынған мектептің ішкі тәртіп ережелерін құрметтеуге және қатаң сақтауға шақырамын. 
   Құрмет пен алғыс – ең үлкен сый. Мұғалімдер үшін оқушылардың жетістігі, ата-аналардың ризашылығы және мектеп қауымдастығының қолдауы кез -келген материалдық сыйлықтан әлдеқайда құнды.

Құрметті ата-аналар және әріптестерім!
Біздің мектебімізде   кез келген жағдайда ұстаздар мен қызметкерлерге ақша жинау немесе сыйлықтар беру әрекеттеріне жол берілмейді. Барлық ата-аналарды тек сөзбен құттықтап, жылы лебіздер білдіруге және шынайы алғыс айта отырып, оларды құрметтеуге шақырамыз
Осы жоғарыда айтылған талаптарды назарға алуларыңызды сұранамын!
Біздің мақсатымыз — сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, өскелең ұрпақтың брйында шыншылдық пен патриоттық сезімді ояту, шыншыл,адал тұлға қалыптастыру.
Құрметпен,
Мектеп директоры: З.Х.Сапаркулова