01
наурыз
2024
«АЛҒЫС АЙТУ - ПАРЫЗЫМ» тәрбие сағаты
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Х.Әлімжан атындағы 85 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 "Б" сынып оқушылары 1 наурыз алғыс айту күніне орай "Алғыс айту-парызым" атты тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағатында оқушылар "Алғыс " сөзінің мағынасын ашып қана қоймай, өз өнерлерімен ұстаздарды,ата-аналарды,оқушыларды тәнті етті. "Алғыс айту-парызым" атты тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтілді. Өте керемет ұйымдастырған сынып жетекшісі Бекова Қарлығаш апайға алғыс білдіреміз. Оқушылар қанаттарың талмасын, биік белестерден көріне беріңдер,өнерлерің өрге жүзе берсін!