«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ» » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
наурыз
2025

«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ»

«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Х.Әлімжан атындағы №85 жалып орта білім беретін мектебінде 27.02.2025 жыл“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында «Сұңқар» ұлдар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес және  «Әкелер мектебі» жобасы аясында  8 «Б» сыныбының жетекшісі У. Хасанованың ұйымдастыруымен «Әке - отбасының негізгі тірегі» тақырыбында әкелермен кездесу болып өтті.
 
Мақсаты: Әке мен ер азамат ұғымының нарқы мен мәнін ұғыну және қастерлеу туралы ой бөлісу.
Отбасы- тірегі әке. Отбасы -болашағы бала»дегендей отбасының бала болашағы үшін атқарар қызметі зор.Бала тәрбиесі, отбасының үлкен белестерге жетуі үшін отбасының қоғамдағы орны үшін ата- ананың маңызы ерекше.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау». «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.