«Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас — тәрбиенің негізі» » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас — тәрбиенің негізі»
14
наурыз
2025

«Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас — тәрбиенің негізі»

«Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас — тәрбиенің негізі»
       Ата-аналардың тәрбие жұмысына белсенді қатысуы — баланың оқу үдерісіне жоғары нәтижеге жетуіне ықпал етеді.  «Бір сынып –бір  фокус» жобасы аясында «Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас — тәрбиенің негізі» тақырыбында ата-ана мен оқушы, мұғалімдердің  басқосуы өткізілді. Басқосуда ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы өзара байланыс, сенімді қарым-қатынас орнату және балалардың жеке тұлғалық дамуына бағытталған кеңестер айтылды. Қатысушылар ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынас жолдарын, балаларға қолдау көрсету тәсілдерін қарастырып, тәжірибе алмасты. Оқушылардың алдын ала жазылған ыстық лебізі  хат түрінде  ата-аналарға тапсыру ерекше сәт болды. Осы сәтте ата-аналар мен балалар арасындағы сенім мен құрметтің, мейірімділіктің тағы бір рет көрсетіліп, нығая түскенін байқадық.
Мұғалімдер мен ата-аналар бірлесе отырып, оқушының жан-жақты дамуына үлес қосуға тырысады деген сенім білдіреміз.