18
ақпан
2025
"ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" АЙЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ТРЕНИНГ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 18 ақпан күні педагог-психолог Г.Шаймардан 6 “В” сынып оқушыларымен «Есірткісіз болашақ», «Есірткісіз әлем» атауларымен есірткі және «Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер» тақырыптарында тренинг сабақ ұйымдастырды.
Мақсаты: Нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Қоғам дертіне айналған нашақорлық адамның өзіне де, қоғамға да аса зиян. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін әрбір ата-ана отбасында балаларына жат әдеттердің зардабы туралы айтып отырса, сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұратын болса ұтарымыз көп болмақ. Өйткені бала тәрбиенің 60 пайызын отбасынан, қалғанын сыртқы ортадан алатындығын ұмытпайық.