20
қараша
2024
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БОЛАШАҒЫМЫЗҒА ӘСЕРІ
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша 20.11.2024ж күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Р.Н. Нархашова және А.М. Сейтмұраттың ұйымдастыруымен 7- сыныптар арасында «Жасанды интеллект: болашағымызға әсері» тақырыбында дебат турнирі өткізілді.
Мақсаты: оқушылар арасында комуникативтік дағдыларды, қоғамдық жағдайларға баға беруге, көшбасшылық дағдыларды дамыту және басқа да сыныптармен тығыз байланыста болу.
Қатысушылар дебат барысында «Жасанды интеллект адамзаттың болашағын жақсарта ма, әлде қауіп төндіре ме?» деген сұрақтың аясында пікір таластырып, жасанды интеллекттің қоғам, экономика, мәдениет және технологиялық даму салаларына әсерін талқылап, оң және теріс жақтарын қарастырды.
Дебат турнирдің нәтижесі бойынша оң позицияны жақтаушы 7 «Г» сыныбы «Бас жүлдеге» ие болса , қарсы позицияны жақтаушы 7« А»сыныбы 1- орынға ие болды. Дебатта өзінің өткір ойлары мен көзқарастары, маңызды аргументтерімен ерекше танылған қатысушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.