АҒЫЛШЫН ЛИГАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АҒЫЛШЫН ЛИГАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
21
ақпан
2024

АҒЫЛШЫН ЛИГАСЫ БОЙЫНША МЕКТЕПІШІЛІК ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін  мектебінде  21.02.2024 жылы ағылшын тілі апталығы аясында  "БП Оқушыларға мектепте ұялы телефон ұстауға рұқсат береді" деп есептейді тақырыбында  9 сынып білім алушылары арасында дебат турнирі өтті. Дебат АПФ форматында болды. Дебат екі топтан құралды: үкімет және оппозиция. Топ құрамында екі оқушыдан болды. Қатысушылар өз пікірлерін, аргументтерін ортаға салып,талқылап отырды. Турнир білім алушылардың бойында азаматтық ұстаным, белсенділікті, әртүрлі көзқарастарға құрметпен қарауды, серіктестік қарым-қатынасты, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруды мақсат етті. Тартысты ойын нәтижесі бойынша топ жарған "ҮКІМЕТ "палатасының мүшелері Ерден Дариға мен Еділбай Еркеназ жүлделі орынға ие болды.  
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Дебат турнирінің ұйымдастырушылары:  М.З. Сихымбаева, А.А.Рыскулова