24
қазан
2025
«ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА БІР МЕЗГІЛДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНДІ ОРЫНДАУ
«ҚЫРАН ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН»
ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА БІР МЕЗГІЛДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНДІ ОРЫНДАУ
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 15-24 қазан аралығында өтетін «Республика күніне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай өткізіліп отырған іс-шара жоспарына сәйкес 24.10.2025ж күні «Қыран елім- Қазақстан!» тақырыбында мектеп оқушылары арасында бір мезетте Мемлекеттік Гимнді орындау жалпы республикалық акциясы ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара – Республика күніне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылып, жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты арттыру, еліміздің рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыруды мақсат етті.
Біртұтас елдің ұл-қыздары ретінде Гимнді шырқай отырып, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімімізді тағы бір мәрте білдірдік!