13
желтоқсан
2024
“ЖАС ҰЛАН” ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 13 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай, 2 және 5 сынып оқушыларын Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран»балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдау салтанатты жиын өтті.
Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ұйымға қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына өтудің жауапкершілігі мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат пен азаматша болуына міндеттейтінін сезінді. Ұйымға қабылданушы оқушылар өз Отанының патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Жас қабылданушыларға мектебіміздің директоры Сапаркулова Зарета Халиловна құттықтай отырып, оқушыларымыздың биік белестерді бағындыратындығына сенім білдірді!