01
желтоқсан
2025
«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҢСТЫҢ АЛДЫН АЛУ»
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында желтоқсан –бірлік және ынтымақ айының жоспарына сәйкес ДТЖЖО Г.Е.Базаркулова мен мектеп инспекторы А. Сатыбалдиевтың ұйымдастыруымен 01.12.2025ж күні «Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбы бойынша 5-6 сынып ұлдарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық пен қылмысқа әкелетін қауіп факторларын төмендету және оларды қоғамға пайдалы, жауапкершілікті тұлға ретінде қалыптастыру.
Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы жүзеге асады:
1. Құқықтық білім беру:
Жасөспірімдердің өз құқықтары мен міндеттерін, заңға қайшы әрекеттердің салдарын түсінуін қамтамасыз ету.
2. Тәуекел топтарын анықтау:
Қиын өмірлік жағдайдағы, тәртібі нашарлаған немесе бақылаусыз қалған балалармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу.
3. Қауіпті мінез-құлықтың алдын алу:
Агрессия, буллинг, интернеттегі зиянды әрекеттер, есірткі, темекі, алкогольге әуестенудің алдын алу.
4. Отбасы мен мектептің бірлескен әрекетін күшейту:
Ата-аналарға бағытталған түсіндіру жұмыстары арқылы жасөспірімдердің әлеуметтенуін қолдау.
5. Қоршаған ортаны қауіпсіз ету:
Жасөспірімдерді спортқа, өнерге, үйірмелерге тарту арқылы бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
6. Әлеуметтік-психологиялық қолдау:
Стресске төзімділік, эмоцияны басқару, шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
7. Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына және әлеуетін ашуға көмектесу:
Жеке қабілеттерін дамытуға мотивация беру арқылы қылмысқа бару ықтималдығын төмендету.
