10
қазан
2025
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қазан-тәуелсіздік пен Отаншылдық айының жоспарына сәйкес ДТЖЖО, мектеп медбикесі және педагог-психологтардың ұйымдастаруымен 10.10.2025 жылы кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 5-7, 8-10 сыныптың оқушы қыздарымен психологиялық әңгімелер мен тренингтер өткізілді. ДТЖЖО Л.Сайрамбаева, Г.Базаркулова қыздарға мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырып, «Аяулым» қыздар клубының жұмыс ережесімен таныстырылды. Мектеп медбикесі қыздардың жеке бас гигиенасы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Психологиялық тренинг барысында оқушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, өзара құрмет пен түсіністік дағдыларын дамыту бағытында түрлі жаттығулар мен ойындарға қатысты. Тренингтің мақсаты — жасөспірімдердің мінез-құлқын түзету, жағымды қарым-қатынас орнатуға, дұрыс шешім қабылдай білуге және өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге баулу. Тренинг жоғары деңгейде өтіп, оқушылар белсенділік танытты. Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, тұлғалық дамуына оң әсерін тигізеді.

