09
қаңтар
2024
«МЕНІҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІМ!»
Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде кибербуллигтің, буллингтің алдын алу мақсатында мектеп психологтары Хакимшикова Наргиза және Шаймардан Гүлшат «Менің ғажайып әлемім!» тақырыбында 6- сынып оқушылары арасында психологиялық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылармен өмірдің әрбір сәтін бағалау, өмірді өз қалпында қабылдай білуге дағдыландырды. Сонымен қатар зорлық - зомбылықтың, кибербуллингтің, буллингтің алдын алу мақсатында балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін оқушылармен сергіту жаттығулары жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сөз соңында: әрқашан жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, адамгершілігі мол саналы азаматша болып өсуіміз үшін дұрыс қасиеттерді бойында қалыптастыру әрбір тұлғаның басты міндеті екенін айтып өтті.