20
сәуір
2023
“Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру ” тандем сабақ.

Х. Әлімжан атындағы № 85 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері М.З. Сихымбаева мен Д.Х.Расулметова бірлесіп 6 “A”сыныбында зерттеу сабақ өткізді. “Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру” мақсатына “ Peter Pan ” әңгімесі желісімен түсірілген мультфильммен бастады. Мультфильм көріп болғаннан кейін оқушылардың тілді қаншалықты түсінгенін тексеру мақсатында әртүрлі тапсырмалар берілді. Мультфильмдегі жаңа сөздерді визуалды , яғни сөздердің мағынасын түсіндіруде дененің қозғалысын қолданып, белгілі бір жағдаятты ұсыну арқылы түсіндірілді. Жаңа сөздерді бекіту жұмыстары жүргізілген кейін, төмендегідей тапсырмалар орындалады:
• мәтін мазмұнына сәйкес «шын» немесе «жалған» пікірді анықтау;• “Дыбыссыз фильм”, “Дубляж”,” Үш ақпарат” “жалғасын тап” сияқты ойын түрлері сөйлемді дұрыс құрастырып, ойын нақты жеткізе білуге жетеледі.Ағылшын тілін оқытудағы қысқа метражды фильмдер тіл үйренушілердің тілге деген қызығушылығын дамытуға және олардың коммуникативті дағдыларын жақсартуға көмектеседі.Фильм, мультфильм көру сөздік қорды молайту, сондай-ақ белгілі бір өмірлік жағдайларда белгілі бір тілдік құрылымдарды (сөздер мен сөз тіркестерін) дұрыс қолдану туралы баға жетпес ақпарат береді. Өйткені, сериал кейіпкерлері жеке қарым-қатынаста сөздердің қысқартылған түрлерін, жаргон сөздерін және фразалық етістіктерді жиі пайдаланады. Сабақ ағылшынша қарым-қатынас жасауға және ұсынылған материал сөйлеуге, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған болды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, сұрақтар қойып, өз ойларын айтуға тырысты.