16
қаңтар
2024
"ҰРПАҚҚА АМАНАТ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА "ЕРТЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС ПЕН ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ "
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 16 қаңтар күні 8-11 сынып қыздарына жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа ДТІЖО Л.Сайрамбаева және ТОО "Атамекен" медициналық орталығының гинекологы Мусаева Асия Кенегесовна, мектеп медбикесі Қ.Абдрахманова, мектеп педагог-психологтары Н.Хакимшикова,Г.Шаймардан қатысып, ерте жүктіліктің қаупі мен салдары туралы түсіндіріп, ерте жүктіліктен сақтану аса маңызды екенін айтты.



