29
қыркүйек
2023
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ЖИНАЛЫС

2023 жылы 29 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы N85 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен жиналыс болып өтті. Жиналысқа мектеп директоры З.Х.Сапаркулова, қамқоршылық кеңесінің төрағасы М.Жүзімбаев, ҚКМ
Т.Мадибеков, Ж.Малибеков , Е.Беркинбаев және ДТІЖО Л.Т. Сайрамбаева, ДОІЖО орынбасарлары Р. Н. Нархашова, Р. Сағынтайқызы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Хакимшикова ,социолог С.Шадиева, мектеп психологы А. Рахманшиков қатысты.
Күн тәртібінде:
1.Жылдық жоспарын бекіту;
2.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім беру бағдарламасын ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы (бес күндік жұмыс уақыты, «Күнделік» электронды мектеп журналдарын жүргізу, критериалды бағалау жүйесі бойынша, үздіксіз білім берудің ерекшеліктері)
3.Жаңа оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарын талқылау;
4.Бюджетті жоспарлау;
5.Кәсіптік білім беруді дамыту бойынша ұйымдармен әлеуметтік серіктестік құру;
6.Мектеп брендін құру, білім беру бағдарламаларын іске асыру;
Күн тәртібі бір ауыздан қабылданды.
2023-2024 жылдарға арналған мектепті дамыту бағдарламасы және жылдық жоспары, меншіктің өзгеруіне байланысты мектеп жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар талқыланды. Қамқоршылық кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау және мектепке материалдық көмек көрсету үшін құрылатындығы, қамқоршылық кеңес ұйымына барлығымыз бірлікте атсалысып, отбасы мен мектептің байланысын күшейтуіміз керектігі айтылып жмналыс соңында қаулы шығарылып , хаттама жазылды.