17
қаңтар
2024
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
2024 жылдың 17 қаңтар күні мектебімізде 8-10 сынып оқушыларымен "Жеткіншектің жеті жарғысы" жобасы аясында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теолог маманы Диана Нұржанқызы оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Диана ханым экстремизм мен терроризм туралы түсінік беріп, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеуі және заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат берді.

