Жеткіншектің жеті жарғысы » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қыркүйек
2023

Жеткіншектің жеті жарғысы

2023 жылдың 26 қыркүйек күні мектебімізде 8-9 сынып оқушыларымен "Жеткіншектің жеті жарғысы" жобасы аясында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында «Имандылық-адамгершілік пен ізгіліктің тірегі» тақырыбында  кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теолог маманы Дәулетұлы Көбей мырза оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көбей мырза 
 экстремизм мен терроризм туралы түсінік беріп, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеуі және  заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат берді. 
 Жиынға тарих пәнінің мұғалімдері Г. Алтаева, А. Қантбеков, Ә. Шоманов қатысып, оқушыларға діни экстремизмге қарсы слайдтар мен бейне роликтер  көрсетті. Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын теолог маманы Дәулетұлы Көбей мырзаға қоя отырып, сауатты түрде жауаптарын ала алды.