СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қаңтар
2024

СЕЙСМИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамит Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 30 қаңтар күні  «Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар» тақырыбында  оқушылар мен қызметкерлер арасында сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқушылар мен қызметкерлер төтенше жағдай туралы дабыл қағылған сәттен бастап оқу ғимаратын тастап шықты. Ғимараттан қауіпсіз алаңға сыныптардың оқушылары және мектеп қызметкерлері мен мұғалімдері сапқа тұрғызылып, сынып жетекшілер тарапынан түгелдеу жұмыстары жүргізілді. Қорытынды ретінде оқу жаттығудың мақсаттары мен іс-шараны жетілдірудің әдістері қатысушыларға хабардар етілді.