15
наурыз
2024
«ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ СЕН - ЖЕР АНА!»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінде Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 07.02.2024ж №15-53-24 хатына сәйкес, балалар мен жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы ауқымды жобасы аясында «Сахна саңлақтары» үйірмесінің жетекшісі Ж.Тұрсынбаева 7 «Ә» сынып оқушыларымен бірге «Тіршіліктің тірегі сен- Жер ана!» тақырыбында сахналық қойылым көрсетті. Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам санасынан тыс жаратылыстан пайда болған дүние. Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының құтты - қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі жер бетіне көрік берген сәні демекші. «Біздің жер шарымыздың әсем табиғаты» атты бейнебаянды тамашалады. Оқушылар табиғат туралы білімдерін шыңдай түсіп Жер Ана , Қорқыт ата, Асан қайғы рөлдерін сомдай келе, Жер Ананың -О,адамдар!Таза ауаны түтінменен уламаңдар,есірткенің есігін құлпытаңдар, Хиросима тағдырын ұмытпаңдар.Тыныш жатсын құстарда ұясында. Күрсінбесін қария,қастаспай,достасып ақ. Барлығың да төсіме сиясыңдар!-деген әдемі сөздерімен қоршаған ортаны қорғау барлық өскелең ұрпақтың борышы екенін жеткізе білді.

