АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ СӘН ЕМЕС, ЗАМАН ТАЛАБЫ! » «Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№85 Х.Әлімжан атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 27-28-82
Есепші бөлімі:
+7(702) 393-77-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
желтоқсан
2022

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ СӘН ЕМЕС, ЗАМАН ТАЛАБЫ!

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУ СӘН ЕМЕС, ЗАМАН ТАЛАБЫ!
   Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару оқытушының басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Осы мақсатта мектебіміздегі білім алушыларға ағылшын тіліне қызықшылығын арттыру, терең меңгерту мақсатында «Looking at the future and the environment» тақырыбында 7 в сыныбында ағылшын-тілі пәні мұғалімі Мырзахметов М.К. ұйымдастыруымен «Іс-әрекеттегі зерттеу» тізбектелген сабағының екіншісі болып өтті. Сабақ ұйымдастыру кезеңімен басталды. Өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушылар жер-ананының экологиялық тазалығы мен қоршаған ортаны қорғап аялау туралы бейнебаянды көріп тамашалаған соң, білім алушылар  үйде дайындап келген көрінісін көрсетті. Онда мотивациясы жоғары, орташа, төмен оқушылардың барлығы қамтылды. Оқушылар қоршаған ортаны қорғау өзімізден сыныпты таза ұстаудан басталатынына тоқталды. Электр энергиясың, суды үнемдеу, күл-қоқыс тастамау. Глобусты пайдалана отырып ағылшынша жер шары өзендер мен көлдерден, таулар мен мұхиттардан тұратыны жайлы тоқталды. Экологиялық білімдерін кеңейтті. Жаңа тақырыптың кілттік сөздері: Landscape, lake, forest, mountain, sea, river, island, desert, cliff, beach, wild animals, domestic animals, birds, fish, coral, jellyfish, insect, plant, flower, grass, tree экранға шығарып сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалды. “Remember it” ойын әдісі арқылы оқушылардың есте сақтау және қызығушылығын арттыру мақсатында экранннан суреттерді шығарып тақырыпқа байланысты слайдта қалып кеткен суреттердің тауып ағылшынша айтып отырды. “Tower of words” тыңдалым дағдыларын жетілдіру үшін мұғалімнің көрсеткен суреттеріне қарап ағылшынша атап сөздер мұнарасын жасады. Сабақта қолданылған  белсенді әдіс –тәсілдер өз нәтижесін берді. Оқушылар жоғары қызығушылықпен сабаққа қатысып, ағылшын ілі пәнін асыға күтетінін тоқталды. Сабаққа енген мұғалімдер тарапынан  да тек оң пікірлер айтылды.