16
мамыр
2024
АРХИВ ТЫНЫСЫ «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында 2024 жылғы 16 мамырда Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №85 жалпы орта білім беретін мектептің 9-10-сынып оқушылары мен жетекші мұғалімдері Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Жастарға тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын, құнды құжаттармен толықтырып, жинақтап отырған мемлекеттік мекеме - архив туралы түсіндірілді. Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінен қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдері, ашаршылық туралы деректі фильм көрсетілді.
Архив құжаттарын пайдалана отырып, еліміздің тарихына қызығушылықты арттыру, архив құжаттарын насихаттау, ғылыми жұмыстар жүргізу мен зерттеушілікке баулу мақсатында Отандық және шетел архивтерінен әкелінген Шымкент өңіріне қатысты құнды құжаттар, түрлі саладағы еңбек жолында жоғары жетістікке жеткен Құрметті азаматтардың жеке тектік құжаттары және т.б. құжаттар негізінде жасақталған «Туған өлке тарихы» атты көрмені тамашалады.
Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру бөлімінің құжаттарды заманауи үлгідегі құрылғылармен цифрлы таңбаға көшірілу барысымен танысты. Жастар жақсы әсерлерімен бөлісіп, естелікке суретке түсті.